Саудияда Роналдуға қатысты ресми шешім шықты
Сауд Арабиясы футбол қауымдастығының тәртіп және этика комитеті "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналдуға байланысты дауға нүкте қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сауд Арабиясы футбол қауымдастығының тәртіп және этика комитеті "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналдуға байланысты дауға нүкте қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өткен аптадағы "Әл-Хиләлмен" матчтен (0:2) кейін жанкүйерлер "Месси, Месси" деп айқайлай бастайды, осы кезде Роналду шатын ұстаған болатын. Marca мәліметінше, адвокат Ноуф бин Ахмед бұл оқиға үшін Криштиану Роналдуды тұтқындап, елден шығару бойынша прокуратураға арыз жазбақ еді.
"Ұйым оқиғаны зерттеп: "Роналдуды жазалаудың қажеті жоқ. Футболшы әлеуметтік желілерде жарияланған видеолар емес, тек матчтың ресми трансляциясы ғана қаралғандықтан жазадан құтылды. Матчтан кейін комитет шығарған жалғыз айыппұл екінші таймның басында "Әл-Наср" ойыншыларының алаңға кеш шығуына байланысты 15 000 риал. Бұл жаза шағым қайта қарауға жатпайды", - деп жазады дереккөз.
Жарнама