Саудия құрамасы 23 жасқа дейінгі Азия Кубогінің жеңімпазы атанды

©AFC

Футболдан 23 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия Кубогінде Сауд Арабия құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ташкент төріндегі турнирдің финалында саудиялықтар алаң қожайындары Өзбекстан жастарымен кездесті. Бірінші таймда гол соғылмаса, үзілістен кейін Ахмед Әл Гамди 49-минутта есеп ашты. 74-минутта Әл Аммардан пас алған Фирас Әл Бурайкан командасының екінші голын салды. Тимур Кападзе жаттықтыратын өзбек ойыншылары негізгі уақыттың соңына дейін Наваф Әл Ақиди қақпасының саңылауын таба алмады. Қорытындысы есеп 0:2. Айта кетейік, Саудия футболшылары аталмыш жарыста қақпасына бірде бір гол өткізбеді.

Осылайша, Өзбекстан ойыншылары қатарынан екінші рет Азия Кубогінің финалында жеңіске жете алмады. Еске салайық, 2018 жылы Қытайдағы сары құрлық турнирінде Өзбекстанның 23 жасқа дейінгі құрамасы тарихында бірінші рет топ жарған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport