Саудиялық "Әл-Хиләл" клубында бразилиялық шабуылшы Неймарды көптеген бонустар күтіп тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Footmercato мәліметінше, футболшыға жеке ұшақ пен күтушісі бар зәулім үй пайдалануға беріледі. Сауд Арабиясында ер мен әйел адамға некесіз бірге тұруға тыйым салынғанына қарамастан, Неймарға сүйіктісі Бруно Бьянкардимен бірге тұруға рұқсат етіледі. Бұл жұп некелерін әлі қимаған еді.
Сондай-ақ, команданың әр жеңісі үшін Неймарға 80 мың еуро сыйақы төленеді. Онымен қоса, Сауд Арабиясын жарнамалайтын әлеуметтік желідегі әр хабарлама үшін 500 мың қарастырылған екен.
Осылайша, "Әл-Хиләлда" өнер көрсеткен уақытында Неймар жалпы 300-ден 400 миллион еуроға дейін табысқа кенеледі.
Бұған дейін Неймар "Әл-Хиләлмен" келісімшартқа қол қойғаны белгілі болды. Бразилиялықтың еңбекақысы жылына 150 миллион еуро - ПСЖ-дағы табысынан алты есе жоғары. Ал париждік клуб трансфер үшін 100 миллион алады.