Сауд Арабиясы кәсіпқой футбол лигасының техникалық директоры Майкл Эменало аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді қуана қарсы алатынын, алайда оның кез келген шешімін құрметтейтінін айтады, деп жазады Vesti.kz.
"Оның МЛС-те жүру себептері - бұл мен жауап бере алмайтын сұрақтар. Егер келесі маусымда ол бізге келгісі келсе, оны қуана қарсы аламыз. Ал егер МЛС-те қалғысы келсе, ол үшін қуанышты боламыз. Саудиялық кәсіпқой лига келем дейтін кез келген супержұлдыз үшін ашық", - деп береді Эменалоның сөзін Goal порталы The Guardian басылымына сілтеме жасап.