Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Сауд Арабиясын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
H тобының екінші туры аясындағы кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы "Mercedes-Benz Stadium" аренасында өтіп, 4:0 есебімен испаниялықтардың пайдасына аяқталды.
Кездесуде Испания құрамасы сапынан Ламин Ямаль (10-минут), Микель Оярсабаль (21 және 24-минуттар) мергендік танытты. Сонымен қатар, Сауд Арабиясының қорғаушысы Хасан ат-Тамбакти өз қақпасына автогол соғып алды (49-минут).
Stata Football деректеріне сәйкес, Испания өз тарихында алғаш рет әлем чемпионаты матчындағы бастапқы 25 минут ішінде үш гол соқты.
H тобының жағдайы:
• Испания — 4 ұпай
• Уругвай — 2 ұпай
• Кабо-Верде — 2 ұпай
• Сауд Арабиясы — 1 ұпай
Үшінші турда, 27 маусым күні, Уругвай - Испания және Кабо-Верде - Сауд Арабиясы матчтары өтеді.
Айта кетейік, плей-офф кезеңіне топтағы алғашқы екі орын алған құрамалар тікелей өтеді, сондай-ақ, үшінші орын иеленген командалар арасынан үздік сегіз құрама да жарысты жалғастырады.