| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:19
 

Сауд Арабиясын талқандаған Испания ӘЧ-де тарихи жетістікке жетті

  Пікірлер

blog.share

Сауд Арабиясын талқандаған Испания ӘЧ-де тарихи жетістікке жетті ©x.com/SEFutbol

Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Сауд Арабиясын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Сауд Арабиясын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

H тобының екінші туры аясындағы кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы "Mercedes-Benz Stadium" аренасында өтіп, 4:0 есебімен испаниялықтардың пайдасына аяқталды.

Кездесуде Испания құрамасы сапынан Ламин Ямаль (10-минут), Микель Оярсабаль (21 және 24-минуттар) мергендік танытты. Сонымен қатар, Сауд Арабиясының қорғаушысы Хасан ат-Тамбакти өз қақпасына автогол соғып алды (49-минут).

" target="_blank">Stata Football деректеріне сәйкес, Испания өз тарихында алғаш рет әлем чемпионаты матчындағы бастапқы 25 минут ішінде үш гол соқты.

H тобының жағдайы:

• Испания — 4 ұпай
• Уругвай — 2 ұпай
• Кабо-Верде — 2 ұпай
• Сауд Арабиясы — 1 ұпай

Үшінші турда, 27 маусым күні, Уругвай - Испания және Кабо-Верде - Сауд Арабиясы матчтары өтеді.

Айта кетейік, плей-офф кезеңіне топтағы алғашқы екі орын алған құрамалар тікелей өтеді, сондай-ақ, үшінші орын иеленген командалар арасынан үздік сегіз құрама да жарысты жалғастырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!