Сауд Арабия құрамасы әлем чемпионатына екінші орынмен шықты

©AFP

Футболдан Сауд Арабия құрамасы Қытай командасымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында өткен ойында 1:1 есебі тіркелді. Бірінші таймның соңғы минуттарында Салех Әл-Шехри бұрыштамадан ұшқан допқа бірінші жетіп есеп ашса, үзілістен кейін Қытай елінің өкілдері таразы басын теңестіріп кетті. 82-минутта қорғаушы Чжу Чженже пенальтиден ерекшеленді.

Осылайша, В тобында 20 ұпай алған Эрве Ренардың шәкірттері екінші орынмен Катардағы әлем чемпионатына  жолдама алды. Ал 21 ұпай еншілеген Жапония командасы бірінші орын иеленді. Үшінші айналымда тоғыз ойын өткізген қытайлық футболшылар болса 6 ұпаймен жарысты бесінші орында аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport