Алматының "Қайрат" клубы Санкт-Петербургтің "Зенитіне" қарсы өтетін жолдастық матчқа арналған құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу алдында команданың бірқатар негізгі ойыншысы алаңға шықпайтыны белгілі болды. Атап айтқанда, матчқа "сары-қаралар" көшбасшыларының бірі Дастан Сәтпаев, негізгі қақпашы Темірлан Анарбеков, сондай-ақ жарақатына байланысты және ұлттық құрамаларға шақырту алған бірнеше футболшы қатыса алмайды.
"Қайрат" ойыншыларының тізімі:
• Қақпашылар: Данила Буч, Бахтияр Адашев
• Қорғаушылар: Александр Мартынович, Луиш Мата, Лукас Африко, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Адлан Нұрғалиев, Мустафа Шен, Абдулазиз Мамедов.
• Жартылай қорғаушылар: Дан Глезер, Себастьян Себальос, Әділет Садықбеков, Шыңғыс Дүйсенбек.
• Шабуылшылар: Эдмилсон, Рикардиньо, Дәулет Орынбасар, Нилеш Шарма
Жолдастық кездесу 28 наурыз күні Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.