Лондондық Челси туриндік Ювентус клубымен ауқымды трансферлік келісімді қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Челси" – "Ювентус" таланттармен алмаса ма?
Инсайдер Аарон Рамиро мәліметінше, тараптар аргентиналық вингер Алехандро Гарначо мен түркиялық шабуылшы Кенан Йылдызды өзара айырбастау мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл мәміле аясында италиялық клуб қосымша 50 миллион фунт стерлинг алуы ықтимал.
Екі клуб өкілдері бірнеше аптадан бері тікелей байланыста екені және келіссөздердің нақты сипат алғаны айтылуда.
Гарначо: "Челсидің" аргентиналық жобасы
Гарначо "Челси" сапына осы маусым басында қосылды. Ол өткен жазда "Манчестер Юнайтед" клубынан 46,2 миллион еуроға ауысқан болатын.
Биылғы маусымда аргентиналық ойыншы 29 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны 45 миллион еуроға бағаланып отыр.
Йылдыз: "Ювентустың" жаңа жұлдызы
Кенан Йылдыз 2022 жылы "Бавария" академиясынан "Ювентус" жүйесіне ауысқан. Биылғы маусымда 20 жастағы форвард 33 матчқа қатысып, 9 гол және 8 ассист авторы атанды. Ол туриндік клубтың негізгі жас көшбасшыларының біріне айналып, түрік футболының болашағы зор ойыншыларының қатарында аталады.
Айта кетейік, алдағы жазда "Челси" құрамына тағы бір шабуылшы қосылады - қазақстандық талант Дастан Сәтбаев. 2025 жылдың басында алматылық Кайрат оның лондондық клубқа сатылғанын хабарлаған. Алайда форвард "көктер" сапына тек 2026 жылдың тамызында, кәмелет жасына толған соң ресми түрде қосыла алады.
Жарнама