Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Словенияның "Олимпия" командасымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Любляна қаласында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Дегенмен, алаң иелері бір гол соққан болатын, бірақ ол офсайд үшін есепке алынбады.
"Қайрат" клубының португалиялық жартылай қорғаушысы Жоржиньо да екі керемет сәтті пайдалана алмады - екі жағдайда да дәлдік жетіспеді.
Екінші таймда алматылықтар алғаш болып есеп ашты: 60-шы минутта 16 жастағы Дастан Сатпаев алматылықтар шабуылын сенімді аяқтады. Бұл сәтте оған ассист жасаған Жоржиньо болды.
Айта кетейік, Сатпаев осы матчта Чемпиондар лигасында ойнаған ең жас қазақстандық футболшы атанды. 90-шы минутта Дастанды басқа ойыншы алмастырды.
Матчқа келсек, алаң иелері есепті 66-шы минутта теңестірді. Диогу Пинту айып алаңында Александр Заруцкийдің қорғауындағы қақпаға шабуылды нәтижелі аяқтады.
Сондай-ақ, екінші таймда словениялық команда тағы бір гол соғуға жақын болды, бірақ доп қақпа бағанасына тиді.
Қарымта ойын 15 шілде күні, сейсенбіде Алматыда өтеді.