Жарнама

Футбол
Бүгін 09:50
 

Сәтбаевтың "Челси" - "Ювентус" матчындағы ойынына баға берді

  Пікірлер

blog.share

Сәтбаевтың "Челси" - "Ювентус" матчындағы ойынына баға берді ©"Челси" ФК

Flashscore статистикалық порталы лондондық "Челси" мен туриндік "Ювентус" арасындағы жолдастық кездесуден кейін футболшылардың бағаларын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Flashscore статистикалық порталы лондондық "Челси" мен туриндік "Ювентус" арасындағы жолдастық кездесуден кейін футболшылардың бағаларын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Гонконгта өткен маусым алдындағы дайындық аясындағы матчта италиялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың үздік ойыншысы анықталды

Кездесудегі ең жоғары бағаны "Ювентус" шабуылшысы Эдон Жегрова алды. Жеңіс голының авторы болған косоволық футболшы 7,8 ұпайға ие болып, матчтың үздік ойыншысы атанды.

"Челси" сапында ең жоғары көрсеткішті эквадорлық жартылай қорғаушы Мойсес Кайседо тіркеді. Оның ойыны 7,3 ұпайға бағаланды.

Дастан Сәтбаев алаңға екінші таймда шықты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ойынның 65-минутында алаңға шығып, ағылшын вингері Байноу-Гиттенс Джуниордың орнына ойынға қосылды.

Қазақстандық шабуылшыға Flashscore порталы 6,5 ұпай берді.

Ең төмен баға алған футболшылар

"Челси" құрамында ең төмен бағаны Байноу-Гиттенс Джуниор мен бельгиялық қақпашы Майк Пендерс алды. Екеуінің де көрсеткіші – 5,9 ұпай.

Ал "Ювентус" сапында ең төмен баға бразилиялық қорғаушы Бремерге, италиялық жартылай қорғаушы Аугусто Овусуға және албаниялық шабуылшы Арман Дурмисиге берілді. Үшеуі де матчты 6,2 ұпаймен аяқтады.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!