Футбол
Бүгін 10:20

Сәтбаевты УЕФА шеттетіп тастай ма? "Қайратта" мәлімдеме жасады

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаевқа Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің соңына дейін дисквалификация берілуі мүмкін деген сыбысты жоққа шығарды. Маман бұл жағдайдан адамдар "хайп жасап алғысы" келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

– БАҚ-та әдейі алған сары қағаз үшін жалпы кезеңнің соңына дейін Сәтбаевқа дисквалификация берілуі мүмкін деген ақпарат тарады...

– Бұл ақпаратты кім таратып жүр? Менде ондай мәлімет жоқ, жазып жүргендерден сұраңыздар. Адамдар жай ғана осыдан хайп жасауда.

Айта кетейік, турнирдің жалпы кезеңінің бесінші турындағы "Копенгагенмен" өткен матчте (2:3) Сәтбаев Чемпиондар лигасындағы үшінші ескертуін алып, шабуылшы автоматты түрде бір матчтен шеттелді.

Ойыннан кейін Уразбахтин күтпеген жерден Дастанға сары қағаз алуды өзі сұрағанын мәлімдеді, себебі ол "Олимпиакоспен" матчте медициналық себептерге байланысты ойнай алмас еді. Ал бұл кезде ойыншы қаңтар айында өтетін "Брюгге" және "Арсеналмен" матчтеріне жиналатын сары қағаздардан өзін қорғап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport