| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:04
 

Сәтбаев барар алдында "Челси" бірден төрт ойыншымен қоштасты

  Пікірлер

blog.share

Сәтбаев барар алдында "Челси" бірден төрт ойыншымен қоштасты ©"Қайрат" ФК

Лондондық "Челси" клубы келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты бірден төрт футболшының командадан кеткенін ресми түрде хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Лондондық "Челси" клубы келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты бірден төрт футболшының командадан кеткенін ресми түрде хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Клубтан кімдер кетті?

"Көктердің" сапынан жастар командасының өкілдері кетті. Атап айтқанда, қорғаушылар Броди Хьюз бен Ричард Олисе, сондай-ақ, жартылай қорғаушылар Сэм Рак-Сакьи мен Джимми Тауриайнен клубпен қоштасты.

Айта кетейік, Ричард Олисе - Франция құрамасы мен Мюнхендік "Баварияда" өнер көрсететін Майкл Олисенің туған інісі.

Еурокубокта тәжірибесі бар ойыншы

Клубтан кеткен футболшылардың арасында Сэм Рак-Сакьи ерекше көзге түседі. Ол 2024/25 жылғы маусымда "Челсидің" Конференциялар лигасындағы жеңісті жорығы барысында төрт матчқа қатысқан.

Кадрлық өзгерістерге қарамастан, клуб болашақ құрамды жасақтау және жас ойыншыларды дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырып жатыр.

Жақын арада Сәтбаев барады

2026 жылдың жазында "Челсидің" шабуыл шебін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев толықтыруы тиіс.

Лондондық клуб "Қайрат" шабуылшысының трансферін 2025 жылы рәсімдеген болатын. Алайда келісім шарттарына сәйкес футболшы ағылшын клубына кәмелет жасына толғаннан кейін ғана ресми түрде қосыла алады. Ол 2026 жылдың тамыз айында "Челси" сапына өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!