Сарапшы Роналдуды "Манчестер Юнайтед" сапынан алып тастау керектігін айтты

©AP Photo

Sky Sports сарапшысы және "Арсенал" мен "Астон Вилланың" бұрынғы ойыншысы Пол Мерсон Роналдудың "Манчестер Юнайтедтегі" ойынын сынады.

"Роналдуды "қызыл сойқандар" сапынан алып тастау керектігін айтқым келеді. Менің ойымша, оның орнына Эдинсон Кавани мен Джейдон Санчо, Маркус Рашворд пен Мэйсон Гринвудтар көбірек алаңға шығуы тиіс. "МЮ" командасында қиындықтардың бары белгілі. Алайда клуб ішінде не болып жатқанын біле бермейміз. Маусым қорытындысы бойынша "Манчестер Юнайтед" алғашқы төртікке іліге алмайды деп ойлаймын. Егер кемі төртінші орын алып жатса, соның өзі үлкен жетістік болар еді", - дейді сарапшы.

Еске салайық, 18 турдан кейін "МЮ" 31 ұпаймен 7-орында тұр. Ал жазда Тұманды Альбионға қайтып келген Роналду АПЛ-де 15 матчта 8 гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: