Сарапшы Нұрәлі Әліп "Манчестер Юнайтедке" ауысуы мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берді

©ҚФФ

Қазақстан-Словения арасындағы матчтың алдында Нұрәлі Әліпке "Манчестер Юнайтед" қызғушылық танытып жатыр деген ақпарат тараған еді. Бұл қаншалықты рас? Massaget.kz тілшісі сарапшылардың ойын сұрап көрді.

"Зениттің" бұрынғы бас бапкері Властимил Петржела қорғаушы Нұрәлі Әліптің "Манчестер Юнайтедке" ауысып жатса қуанышты екенін, бірақ бұған аса сеніңкіремейтінін айтты.

"Мен Әліптің "Манчестер Юнайтедке" өте алатынына сенбеймін. Егер "Манчестер Юнайтед" шынымен алып жатса, мен Әліпті барынша қолдаймын. Бірақ мен бұған сенбеймін", - деді Петржела Match TV-ге берген сұхбатында.

Спорт сарапшысы Бек Төлеудің сөзінше, бұл ақпарат жоқ жерден пайда болған жоқ.

"Қазақстан мен Словения матчына скауттар (барлаушы) келген. Олар Словения ойыншыларын және Нұрәлі Әліпті де бақылаған. Енді скауттар бұған дейін жинаған деректері бойынша клуб басшылығына мәлімет берді. Кейін клуб басшылығы шешім қабылдайды. Отандасымыздың "Зенит" клубымен келісімшарты бар. Сондықтан Зенит Әліп үшін кемінде 5 миллион еуро сұрауы мүмкін", - деді ол.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport