Футбол
Кеше 12:51

Сарапшы Испания футболшылары Мессиді қалай тоқтатқанын айтты

© instagram.com/sefutbol

Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентинаны 1:0 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нью-Йорктегі стадионда өткен тартысты кездесудің жалғыз голын 106-минутта шабуылшы Ферран Торрес соғып, Испанияға тарихындағы екінші әлем чемпиондығын сыйлады. Ал Аргентина құрамасы Энцо Фернандес 93-минутта алаңнан қуылғаннан кейін матчтың қалған бөлігін он ойыншымен өткізді.

Финалдан кейін Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы әрі BBC сарапшысы Майка Ричардс Аргентина капитаны Лионель Мессидің ойынына талдау жасап, Испания құрамасының оны бейтараптандырудағы тактикалық жоспарын ерекше атап өтті.

"Лионель Мессиде бар болғаны 54 допқа жанасу болды және қарсыластың айып алаңында бірде-бір рет допқа тиген жоқ. Барлығы "Мессиді қалай тоқтатуға болады?" деген сұрақ қоятын. Оны тоқтатудың жолы – допты өзіңде ұстап, оны үнемі қорғанысқа қайтуға мәжбүрлеу. Испания дәл соны жасады.

Ол бұл турнирге келіп, ең үздік ойыншылардың бірі болды, бәлкім, тіпті ең үздігі шығар. Біз оның допсыз соншалықты қауіпті емес екенін білеміз. Бірақ адамдарды шабыттандыра білуі – шынымен таңғаларлық. Біз ұлылықтың куәсіміз", – деді Ричардс.

39 жастағы Месси үшін бұл матч әлем чемпионаттарындағы соңғы ойын болуы әбден мүмкін. Финалдағы жеңіліске қарамастан, ол турнирді жоғары деңгейде өткізіп, сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport