Сарапшы Бразилияны ӘЧ-да қай құрама тоқтататынын айтты

6 желтоқсан 2022 19:52
©FIFA

Футболдан КСРО-ның спорт шебері Владимир Пономарев Қатардағы әлем чемпионатында Бразилия құрамасын қай команда тоқтата алатындығын айтты.

"Бразилия командасын тек француздар тоқтатуы мүмкін. Себебі еуропалықтар мықты. Әсіресе қапталмен шабуылдайтын ойыншылары тамаша. Оған дейін Бразилия мен Хорватия кездеседі. Әрине хорваттар барын салады. Негізгі уақытта тең түсіп, артынша пенальти сериясына үміт артуға тырысады. Алайда Бразилияны Хорватия емес Франция тоқтатуы мүмкін", - дейді Пономарев "Евро-футбол.ру" сайтына сұхбатында

Еске салайық, Бразилия құрамасы 1/8 финалда Оңтүстік Кореяны 4:1 есебімен ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport