Шымкентте Қазақстан Кубогінің ширек финалы аясында жергілікті "Ордабасы" мен алматылық "Қайрат" матч өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалға өтетін команданы бірінші таймның 34-минутында соғылған жалғыз гол анықтады. Бұл голдың авторы Кабо-Вердеден келген 26 жастағы легионер Жоау Паулину "Ордабасы" командасына жеңіс әкелді. Осылайша, "Қайрат" турнирден сенсациялық түрде шығып қалды, ал шымкенттіктер жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, "Қайраттың" бастапқы құрамында алаңға 16 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев алаңға шықты.
Осы екі команда арасындағы соңғы ойын биылғы 8 наурызда Қазақстан премьер-лигасы аясында өткен болатын. Ол кезде алматылықтар қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата ұтқан еді.