"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-турында "Байерден" күтпеген жерден ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Манчестердегі "Этихад" стадионында өткен матч 0:2 есебімен аяқталды. Голдар 23-минутта Алехандро Гримальдо мен 54-минутта Патрик Шиктің еншісіне жазылды.
Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов "Сити" сапында негізгі құрамда алаңға шығып, 65-минутта ауыстырылды.
"Манчестер Сити" биылғы Чемпиондар лигасының маусымында алғашқы рет жеңіліске ұшырады және 10 ұпаймен жалпы кестеде 6-орында тұр. Ал "Байер" 8 ұпай жинап, 13-орында орналасқан.
10 желтоқсандағы 6-турда "Манчестер Сити" сырт алаңда мадридтік "Реалға" қарсы матч өткізеді, ал "Байер" өз алаңында "Ньюкаслмен" ойнайды.