Футбол
Бүгін 12:10
 

"Сантос" Неймарға қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Сантос" Неймарға қатысты мәлімдеме жасады ©instagram.com/neymarjr/

Бразилиялық шабуылшы Неймарға жасалған медиалдық менискінің жыртылуына байланысты жасалған артроскопиялық операциядан сәтті өтті. Бұл туралы "Сантос" клубының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Бразилиялық шабуылшы Неймарға жасалған медиалдық менискінің жыртылуына байланысты жасалған артроскопиялық операциядан сәтті өтті. Бұл туралы "Сантос" клубының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Ота дүйсенбі күні, 22 желтоқсанда жасалды. Клубтың мәлімдемесінде футболшының жағдайы жақсы екені айтылуда.

"Медиалдық мениск зақымын емдеу мақсатында артроскопия жасалды. Операция сәтті өтті, спортшының жағдайы жақсы. Неймар күндіз ауруханадан шығарылады және оңалтудан өтеді. Қалыпқа келу оның физиотерапевті Рафаэль Мартинидің бақылауымен өтеді", - делінген "Сантос" мәлімдемесінде.

Қараша айында Неймар Сан-Паулу қаласында медициналық тексеруден өтіп, спортшыда мениск зақымдалғаны анықталған болатын. Соған қарамастан ол Бразилия чемпионатының 37-турында "Жувентудеге" қарсы матчқа (3:0) қатысып, хет-трик жасады. Бұл жеңіс "Сантосқа" төменгі лигаға түсіп қалудан сақтап, команда элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.


Маусым қорытындысы бойынша "Сантос" 47 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынға тұрақтады. 33 жастағы Неймар осы маусымда 28 матч өткізіп, 11 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!