Санкция салынған "Челси" маусымды аяқтай алмай қалуы ықтимал

©Reuters

"Челси" клубы Роман Абрамовичке салынған санкция кесірінен банкрот болуы мүмкін. Бұл туралы The Telegraph порталы хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, клуб санкцияға байланысты маусымды аяқтай алмауы қауіпі бар екенін хабарлаған. Лондондық команда қазіргі уақытта барлық қызметкерлердің жалақысын бере алмай отыр. Осыған байланысты да "Стэмфорд Бридж" стадионының бірнеше секторы жабылады. 

"Челси" өкілдері санкция алынып тасталмаса маусымды аяқтайтындарына сенбейді. Дегенмен де клуб өкілдері билет сатылатын болса, одан Абрамович ешқандай ақша алмайтынына сенімді. 

Енді Ұлыбритания басшылары "Ньюкаслға" қарсы кездесуге дейін қойылған санкцияларды қайта қарастырады деген ақпарат бар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport