Футбол
3 маусым 2020 09:42
 
Самат Смақов тағы бір футбол клубының директоры болуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Самат Смақов тағы бір футбол клубының директоры болуы мүмкін © instagram/samat_smakov

Қазақстан құрамасының экс-капитаны, "Ақтөбе" клубының бұрынғы бас директоры Самат Смақов "Тараздың" директоры болуы мүмкін, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

БАҚ мәліметінше, 41 жастағы Смақов аталған лауазымға үміткерлердің бірі. Оған негізгі себеп - Смақовтың 2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының әкімі болған, бүгінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен жақсы таныс екендігі болуы мүмкін екен.

2018 жылдың қаңтарынан "Тараз" директоры 49 жастағы Қазақстан құрамасының экс-футболшысы Қанат Мұсаев болған. Кейіннен 2019 жылғы кезең аяқталғаннан кейін ол қызметінен кеткен. Әзірше оның орнында клубта 2003 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Ғабит Қазбеков.

Жарнама

Живи спортом!