Футбол
10 қараша 14:55
 

Самат Смақов шетелдік клуты жаттықтыруы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Самат Смақов шетелдік клуты жаттықтыруы мүмкін ©"Жетісу" ФК

"Жетісу" командасының бас бапкері Самат Смақовқа Қырғызстан чемпионатынан ұсыныс түсті, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ASnews.kz басылымына сілтеме жасап.

blog.share

"Жетісу" командасының бас бапкері Самат Смақовқа Қырғызстан чемпионатынан ұсыныс түсті, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ASnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Бішкектің "Азиягол" клубы қазақстандық маманға қызығушылық танытқан. Команда сапында бұған дейін Қазақстан премьер-лигасында ойнаған Антон Землянухин мен жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Рауль Джалилов өнер көрсетеді.

Клуб басшылығы бас бапкер қызметіне бірнеше үміткерді қарастырып жатқанын хабарлады.

Айта кетсек, 2024 жылы Самат Смақов басқа бір қырғызстандық клуб – "Мурас Юнайтедті" жаттықтыруы мүмкін еді.

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының бұрынғы капитанына ел ішіндегі бірнеше клубтан функционерлік қызмет ұсынылған, алайда ол өз мансабын бапкер ретінде жалғастыруды қалайды.

Еске салайық, Самат Смақовтың жетекшілігімен "Жетісу" КПЛ-2025 маусымын 12-орында аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!