Самат Смақов қазақстандық клубтың бапкерлер штабына кіретін болды

Сурет: "Ақтөбе" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов "Ордабасы" футбол клубының бапкерлер штабына кіреді,- деп хабарлайды журналист, әрі инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында.

Оның мәліметі бойынша, ертең, 30-шы қаңтарда Смақов шымкенттік клубтың Түркиядағы жиынына барады. Ол белоруссиялық маман Александр Седневтің көмекшісі болады. Өз кезегінде Седнев былтыр "Ақтөбеде" Смақовтың қол астында болған еді. 

Смақовта А категориясы бар. Ал PRO лицензиясы болмағандықтан, қазақстандық маман жастар құрамасын жаттықтыра алмады.