Футбол
21 қараша 2018 08:30
 
Самат Смақов "Ақтөбе" клубын сатып алды

  Пікірлер

blog.share

Самат Смақов "Ақтөбе" клубын сатып алды © "Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубының иесі болды. Бұл ақпаратты клубтың бас директоры Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында растады. 

"Электронды сауда алаңының" ақпараты бойынша, "Ақтөбені" өткізіп беру тендіріне сатып алу мүмкіндігімен сенімге тапсыруға жалғыз адам қатысқан. Бастапқы құны 100 миллион теңге, кепілдік салым - 15 миллион, ал сатылым бағасы - 108 миллион болды. 

"Ақтөбе" 39 жастағы Смақовқа жеті жылға сенімге тапсырылды. Оның міндеттеріне клубтың балалардан ересек деңгейіне дейін Қазақстан чемпионатына қатысуын қамтамассыз ету, кредит қарызын жабу және балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту кіреді. 

Смақов жыл басында "Ақтөбенің" бас директоры болған еді. Футболшы ретінде ол 2007 және 2012 жылдар аралығы мен 2016 жылғы маусымның жартысын ойнады. Осы уақытта ол үш рет Қазақстан чемпионы атанып, елдің бір Кубогы мен екі Суперкубогын ұтып алған. 

Жарнама

Живи спортом!