1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 15:35
 

Салдары ауыр оқиғалар. "Реалда" тергеу басталды

  Пікірлер

blog.share

Салдары ауыр оқиғалар. "Реалда" тергеу басталды ©Depositphotos/Musiu0

Мадридтің "Реал" клубында соңғы жылдары ойыншылар арасында ауыр жарақаттардың жиілеуіне байланысты алаңдаушылық күшейді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтің "Реал" клубында соңғы жылдары ойыншылар арасында ауыр жарақаттардың жиілеуіне байланысты алаңдаушылық күшейді, деп хабарлайды Vesti.kz.

El Mundo мәліметінше, клуб басшылығы жарақаттардың жиі тіркелуінің артында жай ғана кездейсоқтық емес, басқа да себептер болуы мүмкін бе деген күдікпен ішкі тексеріс бастаған.

Тексеріс жүргізуге түрткі болған негізгі себеп - алаңдатарлық статистика. 2023 жылдың тамыз айынан бері "корольдік клуб" футболшыларында тізеде алды айқасқан сіңірдің үзілуі сияқты ауыр жарақат жеті рет тіркелген.

Мұндай жарақаттарға Тибо Куртуа, Эдер Милитао (екі рет), Дани Карвахаль, Хоан Мартинес, Давид Алаба және Родриго Гоэс ұшыраған.

Клуб басшылығының назарын аудартқан тағы бір жайт — бұл жарақаттардың көпшілігі "Сантьяго Бернабеу" стадионында немесе "Реалдың" жаттығу базасында орын алған. Осыған байланысты мадридтік клуб жағдайды жан-жақты зерттеп, бұл оқиғалардың арасында қандай да бір заңдылық бар-жоғын анықтауға ниетті.

Дереккөздің мәліметінше, қазір клубта бірнеше фактор сарапталып жатыр. Атап айтқанда, жаттығу алаңдарының жағдайы, физикалық жүктеменің деңгейі, қалпына келу әдістері және медициналық штабтың жұмысы мұқият тексерілуде.

Клуб басшылығы ойыншыларды дайындау процесі барлық заманауи стандарттарға сай екеніне және мұндай жарақаттардың қаупін арттырмайтынына көз жеткізгісі келеді.

Айта кетейік, тізе жарақатына байланысты қиындыққа тап болған ойыншылардың қатарында Килиан Мбаппе де бар. Франциялық шабуылшы шамамен үш айдан бері сол тізесіндегі сіңірдің созылуына байланысты жайсыздық сезініп келеді. Бұл жарақат оны өткен жылдың желтоқсан айынан бері мазалап, әлі толық жазылмаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!