"Ливерпуль" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 3-тур матчінде шотландиялық "Рейнджерс" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ливерпульдегі "Энфилд" стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды.
Жетінші минутта-ақ алаң қожайындарының қорғаушысы Трент Александер-Арнольд айып алаңынан есеп ашты. Одан кейін 53-минутта шабуылшы Мохамед Салах пеальтиді сәтті орындады.
Осылайша, "Ливерпуль" қатарынан екінші жеңіске жетіп, алты ұпаймен А тобында екінші келеді. "Рейнджерс" бұл топта соңғы. Ал көш басында "Наполи".
Чемпиондар лигасының 12 қазанда өтетін келесі ойындарында "Ливерпуль" қайтадан шотландиялық клубпен кездеседі.