Футбол
Бүгін 11:48

Салахтың орнын басады деген ойнышы "Ливерпульді" лақтырып кетті

©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Францияның "Пари Сен-Жермен" клубы Чемпиондар лигасындағы қатарынан екінші жеңісінен кейін құрамды күшейту жоспарын айқындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

ПСЖ шабуыл шебіне лайықты ойыншы тапты

Footmercato басылымының мәліметінше, париждік клуб Германияның "РБ Лейпциг" командасында өнер көрсететін вингер Ян Диомандені трансферлеу жұмыстарын бастап кеткен.

ПСЖ басшылығы 19 жастағы футболшыны шабуылдың оң қанатын күшейтетін мінсіз ойыншы ретінде қарастырып отыр. Клуб өкілдері неміс командасының басшыларымен бірнеше кездесу өткізген.

Диоманде өз таңдауын жасады

Дереккөз мәліметінше, футболшының өзі де ПСЖ құрамына ауысуға келісім берген.

Сонымен қатар, ивуарлық ойыншыға "Ливерпульдің" нұсқасы да қызық көрінеді. Ағылшын клубы Диомандені мысырлық жұлдыз Мохамед Салахтың болашақ мұрагері ретінде қарастырып отыр.

Ал "Баварияға" ауысу мүмкіндігі футболшының жоспарында жоқ екені айтылуда.

"Лейпциг" бағасын белгіледі

Бұған дейін неміс клубының Ян Диомандені 130 миллион еуроға бағалап отырғаны белгілі болған.

Жас талант "РБ Лейпциг" сапына өткен жазда Испанияның "Леганес" клубынан ауысып келген еді. Ол алғашқы маусымында-ақ Бундеслиганың басты жаңалықтарының біріне айналды.

Өткен маусымда Диоманде барлық турнирде 36 матч өткізіп, 13 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді. Осы көрсеткішінің арқасында ол Германия чемпионатының үздік жас ойыншысы атанды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport