Мохамед Салахтың Ливерпуль клубынан кетуі туралы оқиға жаңа мән-жайлармен толықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мысыр құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Мохаммед Абутрика бұл шешімнің негізгі себептерінің бірі бас бапкер Арне Слотпен арадағы қарым-қатынас болғанын айтты.
Абутриканың сөзінше, соңғы уақытта Салах пен жаттықтырушы арасында елеулі келіспеушіліктер туындап, жағдай ушыққан. Ол Салахтың клубтан кетуіне дәл осы фактор әсер еткенін ашық айтты.
"Салахтың кету себептерінің бірі Арне Слот. Соңғы уақытта олардың арасында мәселелер болды. Сен, Слот, оны өзіңнен алыстаттың.
Салах карьерасының келесі кезеңінде тыныш жұмыс істеп, өз ісінен ләззат алғысы келеді. Оған ешкімнің рұқсаты қажет емес", - деп келтіреді Абутриканың сөзін Team Talk.
Өз кезегінде, Арне Слот бұл жағдайға қатысты пікірін бұрын білдіріп, өз шешімдерін қате деп санамайтынын жеткізген. Англия кубогында Манчестер Сити клубынан 0:4 есебімен жеңілгеннен кейін, бапкер мысырлық ойыншыға қатысты ұстанымына өкінбейтінін атап өтті.
Оның айтуынша, маусым барысында құрамға байланысты түрлі шешімдер қабылданған және олардың кейбірін басқаша жасауға болар еді. Алайда Салахқа қатысты шешімдерді дұрыс деп есептейді.
Слот сонымен қатар, Салахтың бұрын да қосалқы құрамда қалғанын еске салды. Мәселен, Юрген Клопп кезеңінде, 2024 жылы Вест Хэм командасына қарсы ойында да ол алаңға шықпаған. Дегенмен, ол кезде мұндай жағдай ойыншының кетуі туралы әңгімеге себеп болмаған.
"Артқа қарап, кейбір шешімді дұрысырақ қабылдауға боларын түсінемін. Бірақ бұл Моға қатысты емес. Бұл жағдайда мен өкінбеймін.
Футболшы ойнағысы келмесе, кеткісі келеді деген сөз - алайда үнемі олай емес. Бұл шын болса, ол бір жарым жыл бұрын кететін еді", - дейді Слот.
Жарнама