Салах кетсе, "Ливерпуль" Суаресті қайтаруы мүмкін

Луис Суарес. Фото: nyt.com

"Ливерпуль" алдағы жазда қазіргі уақытта мадридтік "Атлетико" сапында жүрген, уругвайлық шабуылшы Луис Суаресті қайтаруы мүмкін, деп хабарлайды "Чемпионат".

Жуырда болатын трансферлік маусымда мысырлық форвард Мұхамед Салах мадридтік "Реалдың" ойыншысы болып кетуі ықтимал. Бұл жағдай клуб шабуыл шеніндегі бір орынды босатады. 

Осылай болған жағдайда мерсисайдтықтар "Энфилдте" 2011 мен 2014 жылдар аралығында жасындай жарқылдаған Суаресті қайтаруға тырысуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда 34 жастағы Суарес "Атлетико" сапында 32 кездесуге қатысып, оның ішінде 19 гол соғып, 2 рет сәтті пас шығарып берген болатын. 

Метки: