Футбол
Бүгін 14:11

Салах Джеррардтан да асып түсіп абсолют рекорд орнатты

©instagram.com/liverpoolfc

Мохамед Салах Англия премьер-лигасындағы "Ливерпуль" клубының тарихындағы ең үздік ассистент атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мысырлық шабуылшы тарихи жетістікке мерсисайдтық клуб сапындағы соңғы матчында қол жеткізді. АПЛ-дің 38-туры аясында "Брентфордқа" қарсы кездесуде (1:1) Салах жартылай қорғаушы Кертис Джонске нәтижелі пас берді.

Осылайша, бұл Салахтың "Ливерпуль" жейдесіндегі 93-ассисті болды. Ол клуб аңызы Стивен Джеррардтың көрсеткішінен асып түсті. Бұған дейін Джеррардтың еншісінде 92 нәтижелі пас болған.

АПЛ тарихындағы "Ливерпульдің" үздік ассистенттері:

1) Мохамед Салах — 93 ассист;
2) Стивен Джеррард — 92;
3) Трент Александр-Арнольд — 64;
4) Стив Макманаман — 58;
5) Эндрю Робертсон — 56;
6) Роберто Фирмино — 50;
7) Джордан Хендерсон — 45;
8) Филиппе Коутиньо — 35;
9) Майкл Оуэн — 30;
10) Робби Фаулер — 30.

Бұған дейін Салах маусым соңында "Ливерпульден" кететінін мәлімдеген еді. Ол мерсисайдтық клубта 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.


Биылғы маусымда 33 жастағы шабуылшы барлық турнирде 41 матч өткізіп, 12 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Салах "Ливерпуль" сапында тоғыз трофей жеңіп алды. Оның ішінде Англия чемпионаты мен Чемпиондар лигасының титулдары бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport