Садио Мане Криштиану Роналдудың командасына қосылды

©twitter.com/AlNassrFC_EN

Сенегалдық форвард Садио Мане португалиялық Криштиану Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" сапына қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz

Саудиялық клуб жұлдыз футболшының трансфері туралы ресми хабарлады. 

Мұның алдында "Әл-Наср" сенегалдық шабуылшы үшін 37 миллион шығындауға дайын екені айтылған еді. Ал Маненің өзі саудиялық клубта жылына 40 миллион еуро еңбекақы алады. 

Сенегалдық футболшы жаңа командада онынышы нөмірмен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport