Садио Мане "Бавария" ойыншысы атанды

©SPORTS DIGITALE

"Ливерпуль" клубының шабуылшысы Садио Мане "Бавария" сапына ауысты, деп жазады Sports Digitale сайты.

30 жастағы ойыншы 21 маусымда жаңа командасында медициналық тексерістен өткен. Сонымен қатар, сенегалдық форвард клуб базасымен танысты. Белгілі болғандай, "Бавария" Мане үшін "Ливерпульге" 40 миллион еуро төлеген.

Спорттық карьерасында "Зальцбург", "Саутгемптон" және "Ливерпуль" клубтарында доп теуіп, 2016-2022 жылы "Ливерпуль" сапында 269 кездесуде 120 гол салды. 48 рет нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport