Садио Мане АПЛ тарихында ең жылдам сары қағаз алды
"Ливерпуль" шабуылшысы Садио Мане Англия чемпионатының 21-турында қонақта "Челсимен" өткен матчтың 15-секундында сары қағаз алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Ливерпуль" шабуылшысы Садио Мане Англия чемпионатының 21-турында қонақта "Челсимен" өткен матчтың 15-секундында сары қағаз алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Стэмфорд Бридж" стадионындағы ойында сенегалдық шабуылшы Сесар Аспиликуетаға қарсы тәртіп бұзған. Нәтижесінде бас төреші Этони Тейлор еш ойланбастан ескерту қағазын берді.
Еске салайық, соңғы рет Премьер-Лигада 2019/2020 жылғы маусымда "Манчестер Юнайтед" пен "Ньюкасл Юнайтед" арасындағы матчта Скотт Мактоминей 24 секундта сары қағаз алып, сол кездегі антирекорд тіркеген еді.
Сенегал құрамасының шабуылшысы биыл "мерсисайдтықтар" сапында барлық турнирді қоса алғанда 26 кездесуде алаңға шығып, 9 гол соқты. Сонымен қатар, бір рет нәтижелі пас берді.
Лондон төріндегі "Челси" мен "Ливерпуль" арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды. Қонақтар сапында Садио Мане (9 мин), Мұхаммед Салах (26 мин) ерекшеленсе, алаң иелерінен Матео Ковачич (42 мин) және Кристиан Пулишич (45-1 мин) гол салды.
Турнир кестесінде 21 ойын өткізген Томас Тухель командасы 43 ұпаймен екінші орында болса, қарсыласына қарағанда бір матч кем өткізген "Ливерпуль" 42 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. 21 кездесуде 53 балл жинаған "Манчестер Сити" жеке-дара көш бастап тұр.
Жарнама