"Бавария" мен Сенегал құрамасының шабуылшысы Садио Мане Катарда өтетін алғашқы ойындарда құрамасына көмектесе алмайды. Бұл туралы Сенегал футбол федерациясының өкілі Абдулай Соу айтты.
"Біз Катардағы әлем чемпионатының алғашқы кездесулерін Садио Манесіз өткіземіз. Біздің командада мұны әрине ешкім қалаған жоқ. Бірақ жағдай осындай", - деді Соу ВВС арнасына берген сұқбатында.
Мане Бундеслиганың 14-турында "Бавария" мен "Вердер" командалары арасындағы кездесуде жарақат алды. Кейін оны ел футболының басшылары көріпкелдердің көмегімен емдейтінін айтты. Ақыр аяғы Садио әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың тізіміне қосылды.