Футбол
27 қараша 2023 10:54

Руни мен Роналду стилінде гол соққан "МЮ" футболшысы жанкүйерлерді таңғалдырды

©twitter.com/ManUtd

"Манчестер Юнайтед" командасы ағылшын премьер-лигасының 13-турында "Эвертонды" 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ойында есеп ашқан Алехандро Гарначо жанкүйерлерді ерекше голымен таңғалдырды. 

Ойынның 3-минутында аргентиналық футболшының қайшылай тепкен добы алаң иелері қақпасының торында тулады. Бұл әйгілі Уэйн Руни мен Криштиану Роналдудың голын еске түсірді. 

Жанкүйерлер бұл голды Роналду мен Руни стилінде деп бағалауда. Гол соға сала Гарначо Роналду сияқты "SIIIUUU!" деп жеңісін тойлады. Талантты жас бұрынғы командаластарына еліктеп, ерекше гол соқты, - деп жазады Goal.com басылымы. 

"Манчестер Юнайтед" жанкүйерлері бұл голды 2011 жылы Рунидің "Манчестер Сити" командасына қайшылай тепкен добымен ұқсатады.

Роналду да "Ювентуста" ойнап жүргенде дәл осылай Чемпиондар лигасында гол соққан. 

"Эвертонды" ұтқан манкуниандық команда 24 ұпаймен 6-орынға көтерілді. Көш басында 30 ұпаймен Лондонның "Арсенал" клубы келеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport