Футбол
27 шілде 2020 20:04

Румын бапкері украиналық клубтың тізгінін ұстағаннан кейін төрт күннен соң қызметінен кетті

Киевтік "Динамо" клубының бас бапкері Мирча Луческу қызметінен кетті, деп жазады журналист Эмануэль Рошу өзінің Твиттер парақшасы. 

Бапкердің қызметінен кетуінің басты себебі, жанкүйерлердің наразылығы болған. 

Луческу төрт күн бұрын "Динамоның" тізгінін ұстаған еді. Содан соң киевтің клубтың жанкүйерлері қарсылық білдірді. Жанкүйерлер өздерінің мәлімдемесінде бапкердің бұл қызметкен тағайында "жанкүйердің бетіне түкіру" деп айтты. 

Негізі Луческу "Динамоның" бітіспес қарсыласы донецкілік "Шахтерді" 2004 және 2016 жылдар аралығында 12 жыл жаттықтырды. Оның бастамасымен "Шахтер" сегіз рет Украина біріншілігінде топ жарып, алты рет ел кубогін және жеті рет Укарина суперкубогін жжеңді. Содан соң ол "Зенит", "Бешикташ", "Галатасарай" және Италия мен Румынияның бірнеше клубтарын жаттықтырды. Оның соңғы жұмыс орны Түркия құрамасы болды.