"Ростов" Зайнутдиновтің Қазақстан құрамасы үшін салған голына тамсанды

© ҚФФ
"Ростовтың" ресми сайты өз футболшыларының ұлттық командалар үшін ойынына шолу жасап, қазақстандық Бахтиер Зайнутдиновтің голын атап өтті.

21 жастағы жартылай қорғаушы Еуро-2020 іріктеуіндегі соңғы матче Шотландия қақпасына 34-ші минутта гол салды.

"Сары-көк кигендердің тағы бір ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтің алыстан тепкен добы жақсы шықты. Баха шотландиялықтармен ойында есеп ашты, алайда, Қазақстан құрамасы басымдықты ұстап қала алмады", - делінген ескермеде. 



Зайнутдинов үшін бұл циклдегі үшінші доп. Ол іріктеу кезіндегі үздік бомбардир атанды. 


Жаңалықтар