Еске салайық, Маурицио Сарри форвардты 55-ші минутта Пауло Дибаламен алмастырған. Осыдан кейін туриндіктер аргентиналық футболшының голы арасында жеңіске жетті. Өзін ойын ортасында ауыстырғанына қатты наразы болған португалиялық бапкерді "иттің баласы" деп, алаңнан шығып бара жатып, оның қолын алмады да. Осыдан кейін ол матчтің аяқталғанын күтпей, стадионнан кетіп қалған.
Сарридің өзі мұны Роналдудың тізесіндегі жарақатын меңдетпес үшін алмастырғанын айтты.
Айта кетейік, Сарри осымен Роналдуды ойын ортасында екінші рет алмастырып отыр. Мұның алдында португалиялық шабуылшы Чемпиондар лигасы топтық кезеңі төртінші турындағы "Локомотивпен" матчті толық ойнаған жоқ. Футболшы ол кезде де бапкердің қолын алмады.
Роналдуды екі рет қатар алмастырған ойындар соңғы рет 2016 жылы мамырда болған. Ал өткен маусымда шабуылшы жалпы екі рет қана ауыстырылды.
"Ювентус" бапкерді боқтаған Роналдуға қатысты шешім қабылдады