Роналдуға нөмірін бермей қойған өзбек футболшы бәлеге қалды

©Global Look Press

"Әл-Насрдың" өзбек шабуылшысы Джалолиддин Машарипов өзі өнер көрсетіп жүрген санды (№7) Криштиану Роналдуға бергісі келмеген. Осыған байланысты арабиялық клуб онымен келісімшартты үзді, енді 29 жастағы футболшының болашағы бұлыңғыр болып тұр, деп хабарлайды 9sportpro.

Осылайша, Роналдудың трансферінің бірінші құрбаны Машарипов болды. Енді "Әл-Насрдың" өзге ойнышыларына оңай болмайды, өйткені команданың бәріне әйгілі футболшының ойынына икемделу керек болады. 

Бір қызығы, біраз уақыттан кейін "Әл-Наср" өкілдері клбута қандайда бір кикілжің болмағанын мәлімдеп, Машарипов трансферлік тізімге қосылғанын хабарлады. Енді өзбек футболшы өзінің трансферіне дейін 77 нөмірмен өнер көрсететін көрінеді. Дегенмен жергілікті БАҚ оқиға түсіністікпен аяқталғанына күмәнданады. 

Роналдуға байланысты Сауд Арабиясында әлі біраз даулы жағдайлар болатын ұқсайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport