Роналдудың ізімен. Неймар саудиялық клубқа ауыспақ

©ПСЖ

"Пари Сен-Жермен" және Бразилия құрамасының шабулышысы Неймар карьерасын Сауд Арабиясында жалғастыратынға ұқсайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, "Әл-Хиләл" Неймармен келісімшарт жасауға құжаттар жиып жатыр. Футболшы арабиялық командаға өтуге келісіпті, келісімшарт екі жылға есептелген екен. Ал осы уақытта футболшы кей деректер бойынша 160 миллион еуро табыс көреді.  

Енді "Әл-Хиләл" медициналық тексеріс өткізу үшін футболшының түбегейлі жауабын күтіп отыр екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport