"Роналдудың "Юнайтедке" оралғанына қуанышты емеспін". Юрген Клопп португалиялық туралы

13 қыркүйек 2021 15:56
©pikabu

Ливерпуль бас бапкері Юрген Клопп портуалиялық шабуылшы Кришитану Роналдудың Англия чемпионатына келуіне бйланысты ойын айтты.

"Роналдудың "Юнайтедке" қайтып оралғанына қуанышты емеспін. Ол мықты ойыншы деген сұраққа, өкінішке қарай "ия" деп жауап берер едім. "Манчестер Ситиге" ауысуы мүмкін деген ақпаратты алғаш естігенімде, "қызыл сойқандар" қалай жауап берер екен деп ойладым. Нәтижесінде ол "Манчестер Юнайтедке" ауысты", - дейді неміс маманы Sky Sports арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, жуырда Тұманды Альбионға қайта оралған Кришитану Роналду "Ньюкаслмен" өткен матчта дубль авторы атанды. Ол ойын Сульшер командасының пайдасына 4:1 есебімен аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: