Роналдудың үйіне ұры түсті. Оның сол зат үшін неге қылмысқа барғаны түсініксіз

Сурет: Esquire
"Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың үйіне ұры түскен, - деп хабарлайды dnoticias.pt.

Белгісіз адам футболшының Мадейра аралындағы үйіне түскен екен, ол кезде форвард құрама сапында Испанияға қарсы ойында болған. Қылмыскер ішке қызметшілердің бірі гаражды ашқан сәтте кіріп үлгерген. 

Әлбетте Роналдудың үйінде құнды заттар көп екені сөзсіз, алайда, ұры тек Криштианудың қолы қойылған "Ювентус" футболкасы (200 долларға ғана бағаланады) және тағы бірнеше құнды емес заттарды алып кеткен. 

Бұл қылмыс бақылау камераларына түсіп қалған, полицияда күдікті де бар екен.






Cурет: dnoticias.pt©


Жаңалықтар