Роналдудың соңынан. Салах Бенземаның қасына барады

©"Ливерпуль" ФК

Англиялық "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салахқа саудиялық "Әл-Иттихад" көз тігіп отыр, деп жазады Vesti.kz.

Todofichajes мәліметінше, "Әл-Иттихад" мысырлық футбол жұлдызын жазғы трансферлік кезеңде сапына қосып алғысы келеді. Бұл үшін саудиялықтар 90 миллион еуро төлеуге дайын. 

Айта кетейік, Салах "Ливерпуль" сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның англиялық командамен қазіргі келісімшарты 2024/25 жылғы маусым соңына дейін жасалған. 

Осы маусымда Мохамед АПЛ-де 20 матч өткізіп, 14 гол салды және сегіз ассист жасаған. 

Қазіргі таңда "Әл-Иттихад" сапында франциялық Карим Бензема өнер көрсетіп жүр, ал оған өз кезегінде "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" көз тігіп отыр.

Ал жалпы Сауд Арабиясы чемпионатының басты жұлдызы - ол "Әл-Насрда" ойнап жүрген Криштиану Роналду.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport