Роналдудың рекордын бұзған Карим Бензема "Реал" тарихына атын жазды

© Eurosport
"Реал" шабуылшысы Карим Бензема мадридтік клуб тарихындағы ең мықты ассистенттер тізімнде бірінші болды. 

Испания чемпионаты 23-ші турындағы "Осасунамен" (4:1) матчте франциялық ойыншы нәтижелі пас берді, бұл оның "Реал" сапындағы 132-ші ассисті еді. Осы көрсеткіште Бензема өзінің алдындағы рекордшы португалиялық Криштиану Роналдудан асып түсті (131).

"Реалдың" үздік бомбардирлері тізімінде Бензема 240 голмен алтыншы тұр. Бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы Роналду (450).

Бензема "Реалға" 2009 жылы жазда "Лионнан" келеген. Трансфер соммасы 35 миллио евро болған. Осы маусымда 32 жастағы форвард Примераның 22 матчінде 13 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.
Жаңалықтар