Роналдудың өзбек футболшымен "араздығы" немен біткені белгілі болды

©Әлеуметтік желіден

Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" клубына өтуі футбол әлемін біраз дүрліктірді. Мәселен, өзбекстандық  Жалолиддин Машарипов португалиялық ойыншының арқасында өз танымалдығын да арттырды, деп хабарлайды Vesti.kz

Роналду арабиялық клубқа келісімен Машарипов командадан кетеді деген қауесет шықты. Себеп ретінде клубтың португалиялыққа үлкен қаржы жұмсайтындықтан ақша үнемдеу керегі айтылды. 

Ал одан кейін Криштиану Машариповтың жетінші нөмірін алып қойды, осыған Жалолиддин наразы болып қалған деген сөздер тарады. 

Бір ғана шарт. "Әл-Наср" Роналдуды Еуропаға қайтаруға дайын

Португалиялықты "Әл-Насрда" ресми таныстырғаннан кейін Өзбекстан құрамасының футболшысы былай деді:

"Роналду келе жатыр! Енді бәрі басқаша болады. Патша келеді! Ертең жаттығудан кейін мен онымен суретке түсемін, инстаграмға жүктеймін. Маған жазылғысы келетіндер саны артады, бірақ бірін де қабылдамаймын. 

Жас күнімде оның матчтерін тамашалайтынмын. Онымен бір командада ойнаймын деп ешқашан ойламадым. Ол менің 7-ші нөмірімді алды. Шынымен солай!". 

Алайда кейін ол дүрлігіп кеткен жанкүйерлерге жағдайды толық түсіндірді: 

"Бұл ақпарат (7-нөмірді Роналдуға бергім келмегені жайлы) шындыққа жанаспайды. Менің әлеуметтік желіде жазғаным қалжың болатын. Мені жақсы танитындар мұны бірден түсінді. Ары қарайғы жоспарым? "Әл-Насрда" қалып, Роналдудан көп дүние үйрену. Ол қазіргі заманның ең мықты ойыншыларының бірі. Криштианудан үйренер дүние көп".  

Кейін Роналду Instagram желісінде пост жариялап, Машариповты да белгіледі. 

Осыдан кейін өзбекстандық футболшы португалиялық жұлдызбен бірге төрт бірдей жариялым жасады. Оның бірінде Машарипов Роналдудың Өзбекстан халқына сәлем жолдағанын түсірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport