Роналдудың орнын басатын. "МЮ" нақты мақсат қойып отыр

©instagram.com/cristiano

"Манчестер Юнайтед" Криштиану Роналдуды алмастыратын футболшы табу үшін жазғы трансферлік кезеңге нақты мақсаттар қойып отыр. 

ESPN мәліметінше, клуб "Наполи" шабуылшысы Виктор Осимхен мен "Ред Булл Зальцбург" форварды Беньямин Шешкоға көз тігіп отыр.

Сонымен бірге, "Тоттенхэммен" келісімшартын ұзартпайтын болса, Гарри Кейн де қарастырылады. 

Әзірге команда шабуылшыны жалға ала тұрмақ, ол "Бернли" сапындағы Ваут Вегорст болуы ықтимал. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар