"Әл-Наср" басшылығы шабуылшы Криштиану Роналдуға басқарудағы дағдарыс жойылатынына кепілдік берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Arriyadiyah басылымының мәліметінше, Эр-Рияд клубында жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шұғыл шаралар пакеті дайындалып жатыр.
Дереккөзге сүйенсек, жуырда "Әл-Наср" қызметкерлер алдындағы берешектерін өтеп, басшылық құрамында ауқымды кадрлық өзгерістер жүргізеді. Атап айтқанда, директорлар кеңесінің төрағасы Абдулла Әл-Маджедтің қызметінен кетуі мүмкін екені айтылуда. Сонымен қатар, клуб желтоқсанда шешім қабылдау үдерісінен шеттетілген Жозе Семеду мен Симау Коутиньюге басқарушылық өкілеттіктерін қайтаруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін БАҚ-та Роналдудың Сауд Арабиясының Тәуелсіз қорының (PIF) елдегі бірқатар клубтарға қатысты саясатына наразылық білдіру мақсатында команданың соңғы матчтарына қатыспағаны туралы ақпарат тараған болатын.