"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду қысқы трансфер кезінде командадан кетеді, деп жазады "Чемпионат" порталы.
Испаниялық БАҚ ақпараты бойынша, жазда шабуылға бірнеше клуб қызығушылық білдірген. Олардың қатарында "Наполи", дортмундтық "Боруссия", "Спортинг" және "Олимпик" болған. Бірақ трансферлік кезеңнің қорытындысы бойынша Роналду "МЮ" сапында қалды.
Жуырда "Интер Майами" командасының иегері Дэвид Бекхэм Роналдумен хабарласып, оны клубына шақырған. Қазіргі уақытта Криштиану осы ұсынысты қарастырып жатыр екен.
Айта кетейік, биыл Роналду "МЮ" сапында жалпы он кездесуге қатысып, екі ғана гол соқты.