"Әл-Наср" командасының бас бапкері Стефано Пиоли қызметінен кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Сауд Арабиясының командасы италиялық маманға алғысын айтып, шығарып салды. Ол клуб тізгінін 2024 жылы ұстаған еді. Аяқталған маусымда командасымен үшінші орыннан көрінді.
Стефано Пиоли жұмыссыз көп жүрмейді. Жуық арада "Фиорентина" клубының бас бапкері болады деп күтіліп отыр.